Құпиялық саясаты

Жалпы мәлімдеме

«Эйр Астана» компаниясы сіздің құпиялығыңызды құрметтейді және жеке ақпаратыңызды қорғауға қатысты өзінің міндеттеріне байыппен қарайды. Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың тек заңды мақсаттарда пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде шаралар қолданатынымызға сенімді болыңыз.

Осы құпиялық саясаты сізге біз жинайтын жеке ақпарат түрлерін, ол ақпаратты қашан және қалай жинайтынымызды, сақтайтынымызды және пайдаланатынымызды түсінуге көмектеседі. Бұл саясат іскерлік қажеттілік не заңнама талаптарына сәйкес «Эйр Астана» компаниясының қарауынша, кез келген уақытта алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Заңды/құқықтық міндеттемелерде жазылған жағдайларды қоспағанда, жеке ақпаратыңызды тапсырысыңызды өңдеу мақсатынан басқа мақсатта сіздің алдын ала рұқсатыңызсыз үшінші тараптарға ешқашан әдейі бермейміз.

Бізге берген ақпаратыңыз туралы әрқашан білуге не оны тексеруге құқылысыз немесе клиенттермен жұмыс істеу бөліміне customer.relations@airastana.com хабарласып, жеке ақпаратыңызды жоюды сұрай аласыз..

 

Жеке ақпаратты бақылаушы

Осы Құпиялық саясатына байланысты «Эйр Астана» компаниясы өңдейтін кез келген жеке ақпаратты Дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңына (2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V, 2017 жылғы 28 желтоқсанда өзгертілді және түзетілді) және деректерді қорғау туралы Еуропалық одақ пен Ұлыбританияның заңнамасына (2016/679 Деректерді қорғау жөніндегі ортақ регламент) сәйкес сіздің жеке ақпаратыңыздың «бақылаушысы» болып саналатын «Эйр Астана» АҚ бақылайды. Біздің ресми мекенжай: «Эйр Астана» АҚ, Закарпатская к-сі, 4А, 050039, Алматы қ., Қазақстан.

Егер біздің рейсті брондасаңыз, бірақ басқа әуекомпания(лар) бір не бірнеше рейс ұшырса, онда басқа әуекомпания(лар) да жекелей «деректерді бақылаушы» ретінде қарастырылады.

Қонақ үй, автокөліктерді жалдау бойынша сервис немесе іс-шаралар билетін жеткізуші (мысалы, Ticketon) сияқты кез келген қызметтер жеткізушісі де жекелей «деректерді бақылаушы» болып табылады. Осы жеткізушілердің құпиялық саясатын тікелей өздерінен ала аласыз.

 

Саясатты қолдану

Бұл құпиялық саясаты сізді клиентіміз, жиі ұшатын жолаушыларға ұпай беру бағдарламасының қатысушысы немесе ықтимал клиент ретінде, оның ішінде сіз біздің ұшақтармен саяхаттағанда немесе біздің қызметтерді пайдаланғанда, біздің сайттарға немесе мобильді қолданбаларға кіргенде және оларды пайдаланғанда, біздің агенттерге немесе брондау және ақпарат орталықтарына хабарласқанда, біздің қызметтерімізге үшінші тараптар (мысалы, туристік агенттіктер мен басқа әуекомпаниялары) арқылы тапсырыс бергенде немесе бізбен басқа бір жолмен байланысқанда сіздің барлық жеке ақпаратыңызға қолданылады.

Осы Саясаттың «Жеке ақпаратты бақылаушы» және «Жеке ақпаратыңызды беруге болатын тараптар» бөлімдерінде басқа деректерді бақылаушылардың бар екенін жазған жағдайларда қосымша ақпарат алу үшін олардың құпиялық саясатымен танысқаныңыз жөн.

MyUPGRADEMySEAT, MyWiFi және т.б қосымша қызметтерімізді пайдалануды немесе «Эйр Астана» және басқа үшінші тараптармен байланысты конкурсқа қатысуды шешсеңіз, қосымша шарттар мен ережелер қолданылуы мүмкін.

Сайтымызда басқа веб-сайттарға сілтемелер берілуі мүмкін. Біз басқармайтын веб-сайттардың құпиялық әрекеттеріне жауап бермейтінімізді ескеріңіз. Қандай да бір жеке ақпаратты жинайтын әр веб-сайттың құпиялық саясатымен танысып шығуыңызға кеңес береміз. Бұл құпиялық саясаты тек біз жинаған ақпаратқа ғана қолданылады.

 

Біз жинайтын жеке ақпараттар

«Эйр Астана» сіз сұрау жіберген қызметтермен қамтамсыз ету және сізге қажетті өнімді қажетті арна арқылы керек уақытта ұсынып, сапасын арттыру мақсатында ғана сіздің жеке ақпаратыңызды жинайды және пайдаланады.

Біз жинайтын ақпаратқа мыналар кіреді:

    1. әлеуметтік желілердегі ақпарат: әлеуметтік желіңіздің баптауларына байланысты әлеуметтік желі жеткізушіңізден ақпарат ала аламыз. Мысалы, біздің қызметке әлеуметтік желідегі есептік жазбаңыз арқылы кіргенде, байланыс мәліметтеріңізді, қызығушылықтарыңыз және контактілеріңізбен қоса, сіздің әлеуметтік желідегі профиліңізді ала аламыз. Әлеуметтік желі жеткізушісінен алатын жеке деректеріңіз туралы және баптауларыңызды қалай өзгерту керектігі туралы қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтпен және әлеуметтік желі жеткізушіңіздің құпиялық саясатымен танысыңыз;
    2. сіз бізбен бөлісемін деп шешкен ақпарат: мысалы, Facebook желісінде комментарий қалдырғанда, клиенттерге арналған сауалнаманы толтырғанда немесе конкурсқа қатысуға өтінім жібергенде, бізбен ақпаратыңызды бөлісе аласыз.

Қажетті жеке ақпаратты бермесеңіз, 1) «Эйр Астана» қызметтерді және/немесе сұралған өнімдерді қамтамасыз ете алмайды; 2) «Эйр Астана» біздің соңғы өнімдеріміз және/немесе жобаларымыз туралы хабарлай алмайды; және/немесе 3) «Эйр Астана» ұйымдастырған жиналған балдарды пайдалану бойынша конкурстарға, науқандарға немесе іс-шараларға қатыса алмайсыз.

Жеке сервистер, қолданбалар немесе іс-шаралар үшін біз басқа деректер түрін жинап, оларды осы құпиялық саясатында жазылғаннан басқа мақсаттарда қолдана аламыз. Бұл туралы сізге қызметтерге немесе іс-шараға тіркелгенде немесе қолданбаны жүктегенде хабарлаймыз.

 

Жеке ақпаратыңызды жинауымыздың жолы

Жеке ақпаратыңызды мына жағдайларда жинай аламыз:

 

Сіздің жеке ақпаратыңызды беретін тараптар

Жеке ақпаратыңызды сізден және сіздің уәкілетті өкілдеріңізден (яғни, сіз уәкілеттік берген тұлғалар немесе біздің қолданыстағы қауіпсіздік процедураларына сәйкес уәкілетті өкіліңіз) жинаудан басқа, кейбір жағдайларда сіз туралы ақпаратты үшінші тараптардан жинай аламыз. Бұл үшінші тараптарға мыналар кіреді:

 

Жеке ақпаратыңыздың бізге қажет болу себебі

«Эйр Астана» сіздің жеке ақпаратыңызды заңды негіз, шарттағы міндеттеме және/немесе оларды өңдеуге сіздің анық келісіміңіз болған жағдайда ғана өңдеуге міндеттенеді. Әуекомпания ретіндегі заңды мүддеміз қызметтерімізді ұсыну және әуекомпания мен туристік қызметтер жеткізушісі ретінде олардың сапасын арттыру мақсатында сіздің жеке ақпаратыңызды пайдалану болып табылады.

Сіздің жеке ақпаратыңыз мына мақсаттарда да қажет:

Басқа адамның атынан әуе билетін брондасаңыз, сізге сол адамнан оның жеке ақпаратын пайдалануға рұқсатын алу керек.

Ақпаратыңызды өңдеуге қандай да бір басқа заңдар әсер етсе, жеке ақпаратыңызды пайдалануға негіз жоғарыда жазылғандардан өзгеше болуы мүмкін және сіздің келісіміңізге негізделетін болады.

 

Жеке ақпаратыңызды бақылауыңыздың жолы

Осы Құпиялық саясатындағы «Контактілер» бөлімінде көрсетілген мекенжайға жеке басыңызды растайтын құжаттың көшірмесін тіркеп, жазбаша сұрау жіберу (сұрауыңыз заңнамаға қарама-қайшы келмесе) арқылы кез келген уақытта жеке ақпаратыңызға қол жеткізуді, өзгертуді, жаңартуды, тапсыруды немесе жоюды сұрай аласыз, оны пайдалануға және өңдеуге қарсы шыға аласыз.

 

Жеке ақпаратыңызды беруге болатын тараптар

Саяхатыңызды жүзеге асыру мақсатында жеке ақпаратыңызды үшінші тараптарға беру қажеттілігі туындауы мүмкін, олар:

Үшінші тараптарға жеке ақпаратты сатпаймыз.

 

Жеке ақпаратыңызды сақтауымыздың жолы

Жеке ақпаратыңызды электрондық файлдарда сақтаймыз және жеке ақпаратыңызға қол жеткізуге рұқсаты болуы мүмкін ақпараттық жүйе жеткізушілерінің қызметтерін пайдаланамыз.

«Эйр Астана» компаниясы жеке ақпаратыңызды оны жинау мақсатын жүзеге асыру үшін қажет уақытқа дейін, «Эйр Астана» компаниясының заңды немесе іскерлік мүддесіне не тиісті заңнаманың талаптарына сәйкес сақтайтын болады.

Біздің деректерді сақтау қоймамыздан жеке ақпаратыңызды толықтай жою өтінішін кез келген уақытта клиенттермен жұмыс істеу бөліміне customer.relations@airastana.com жібере аласыз. Жеке ақпаратыңызды жою барысында тиісті заңнамаға сәйкес оны қайта қалпына келтірмейтіндей ету үшін коммерциялық негізделген және техникалық жүзеге асырылатын шараларды қолданамыз.

 

Жеке ақпаратыңызды қорғауымыздың жолы

Клиенттердің жеке ақпаратына қол жеткізу рұқсатын біздің қызметтерімізбен жұмыс істеу, оларды дамыту және жетілдіру үшін осы ақпаратты қажет ететін «Эйр Астана» әуекомпаниясының жұмыскерлеріне, жеткізушілеріне және агенттеріне ғана береміз. Бұл тұлғалар аталған ақпараттың құпиялығын шарт негізінде сақтауға міндетті.

Біздің веб-сайтты қарау кезінде жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында SSK 128 биттік кодтау технологиясы пайдаланылады. www.airastana.com сайтында әуе билеттерін брондағанда, деректеріңіздің қауіпсіз жіберілуі үшін TLS 1.2 кодтау технологиясы пайдаланылады. Кредиттік/дебеттік карталар нөмірін қоса алғанда, бұл технологиялар барлық жеке ақпаратыңыз интернет арқылы жіберіліп жатқанда оны ешкім оқи алмайтындай етіп кодтайды.

Браузеріңіз TLS 1.2 технологиясын қолдамаса, транзакцияның қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында браузеріңізді соңғы нұсқасына жаңартуға кеңес береміз. Әйтпесе жіберілетін жеке ақпаратыңызды қорғау мүмкін емес болады және «Эйр Астана» компаниясы бұндай жағдайларда жауапкершіліктен бас тартады.

 

Жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіңіздің жолы

Бронь жасағанда, сізге брондау нөмірі (PNR, Passenger Name Record) және/немесе билет нөмірі беріледі. Олар сіздің электрондық поштаңызға келетін растау хатында немесе сіз брондаған әр жолаушының билетінде жазылады. Брондау нөмірін әрқашан қатаң құпиялықта сақтауыңыз керек.

Егер басқа адамдармен саяхаттасаңыз және олардың сіздің жеке брондау мәліметтеріне кірмеуін қаласаңыз, әр адамның жеке брондалып, жеке төлегенін қалауыңыз мүмкін.

Сайтқа және мобильді қолданба(лар)ға қауіпсіз кіруіңіз үшін басқалармен құпия сөзіңізді бөліспеуге кеңес береміз. Егер басқа адамдар компьютеріңізге не басқа құрылғыңызбен жұмыс істей алса және, әсіресе, интернетке шығу үшін ортақ құрылғыны пайдаланған жағдайда сайтта немесе мобильді қолданба(лар)да және/немесе әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңызда (әсіресе бұл аккаунттар өзара байланысты болса) жұмысыңызды аяқтаған соң, есептік жазбаңыздан бірден шыққаныңыз дұрыс. Бұл жағдайда басқа пайдаланушылар жеке ақпаратыңызға қол жеткізе алмайды.

Алдау арқылы жеке ақпаратты заңсыз жинайтын «фишинг» атауымен белгілі, интернет арқылы алаяқтық жасау тәжірибесі бар. Үшінші тарап заңсыз жинаған тұлғаларына сұралмаған хаттар жібереді және хат алушыларға веб-сайттың «клондалған» не заңсыз көшірмесінде банк деректерін немесе құпия сөзді енгізуді не растауды ұсынады.

Қауіпсіздігіңіз үшін мына нұсқауларды есіңізде сақтаңыз:

 

Сookie файлдарына қатысты саясат

Сіз www.airastana.com сайты мен мобильді қолданба(лары)мызды пайдалана отырып, біздің cookie файлдарын құрылғыңызға орналастыра алатынымызға, cookie файлдарын, IP мекенжайларды сақтау және оларға кіре алатынымызға және сіздің веб-сайтты пайдалану тәжірибеңізді жетілдіру мақсатында веб-сайтты пайдалану туралы деректерді жинау үшін басқа әдістерді пайдаланатынымызға келісіміңізді бересіз.

Деректерге веб-сайтты, браузерді және сіз кіретін құрылғының түрін пайдалануыңыз туралы ақпарат, және орналасқан орныңыз кіреді.

Сіз www.airastana.com веб-сайтына кіре және оны пайдалана отырып, «Эйр Астана» құрылғыңызға cookie файлдарын орналастыратынына келісіміңізді бересіз.

Сookie файлы – сіз кіретін веб-сайттан немесе сіз ашатын белгілі бір электрондық хаттардан жіберілетін, веб-браузеріңізде немесе құрылғыңыздағы қатты дискіде уақытша сақталатын ақпарат үзіндісі. Сайт бетіне қайта оралғанда, браузер cookie файлын серверге қайтарады. Сookie файлдары веб-сайтқа кіруді баптауға және пайдаланушы веб-сайтқа оралғанда оның жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Airastana.com веб-сайты cookie файлдарын airastana.com сайтын кірушілердің қалай пайдаланатыны туралы ақпаратты жинау үшін, кірушінің қалауларын жадта сақтау үшін (мысалы, елдер, тілдер) және ретаргетинг/ремаркетинг мақсаттарында кірушілердің профилін жасау үшін пайдаланады.

«Эйр Астана» веб-сайтымыз бен мобильді қолданба(лары)мызда сессиялық, функциялық жарнамалық/мақсатты және cookie әрекеттері файлдарын мына мақсаттарда пайдаланады:

  1. Техникалық 
    Веб-сайтымыз бен мобильді қолданба(лары)мыздың үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей: 
    • ретті және сенімді қызметке кепіл беретін веб-сайт трафигін теңгеру;
    • өнімділік деңгейін қолдау үшін веб-сайттың негізгі бөліктеріне трафикті шектеу;
    • құпиялық саясатымызбен, cookie саясатымен және біздің веб-сайтымызды пайдалану Шарттарымен сіздің келісіміңізді сақтау.

  2. Оңай пайдалану  
    Веб-сайтымыз бен мобильді қолданба(лары)мызда навигацияны жеңілдету үшін, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей:  
    • таңдалған тіл мен елді жадта сақтау және тиісті контентті ұсыну; 
    • жүйеге кіргенде Nomad Club қатысушысының нөмірін қадағалау, сондай-ақ
    • рейсті брондағанда таңдалған ұшатын әуежайды жадта сақтау.

  3. Қадағалау  
    Веб-сайтымыз бен мобильді қолданба(лары)мызды қалай пайдаланатыныңыз, шарлайтыныңыз және транзакцияларды жүзеге асыратыныңыз туралы статистиканы жинау үшін, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей:  
    • сауалнама арқылы пікірлеріңізді жинау, сондай-ақ 
    • пайдалану ыңғайлылығын жетілдіру үшін веб-сайттарымызды қалай пайдаланатыныңыз, бағыт-бағдар табатыныңыз және транзакцияларды жүзеге асыратыныңыз туралы түсінік қалыптастыру.

  4. Маркетинг  
    Сізге тиісті хабарларды жіберу үшін, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей:  
    • веб-сайтымызға маркетингтік мақсаттарда беттің әртүрлі нұсқаларына қызмет көрсетуге мүмкіндік беру; 
    • үшінші тараптарға тиісті жарнаманы көрсетуге және оның тиімділігін қадағалауға рұқсат ету, сондай-ақ
    • біздің веб-сайттар мен басқа таңдаған веб-сайттардағы әрекеттеріңіздің негізінде өнім түрлерін ұсынатын тиісті хабарларды көрсету.
 

Сookie файлдары, әдетте, браузер туралы ақпаратты қамтитын мәтін жолынан тұрады.

Біз пайдаланатын кейбір cookie файлдары сіз туралы көбірек жеке ақпаратты сақтауы мүмкін. Алайда, бұл тек сайтымызға жеке ақпаратты өзіңіз берген жағдайда ғана мүмкін.

Браузеріңіздегі барлық немесе кейбір cookie файлдарының баптауларынан бас тартуға мүмкіндік беретін баптауды іске қосып, cookie файлдарын блоктай аласыз. Алайда, барлық cookie файлдарын блоктасаңыз (негізгі cookie файлдарын қоса), сайтқа толықтай немесе оның кей бөліктеріне кіре алмайсыз.

Сookie файлдары жиналмайтындай етіп браузеріңіздегі баптауларды өзгертпейінше, біздің жүйе сіз веб-сайтымызға кіре сала сookie файлдарын беретін болады. Сookie файлдарын өшіру немесе жою құрылғыны сәйкестендіруге немесе тиісті деректерді жинауға кедергі келтірмейді.

Интернет браузерлерде Сookie файлдары үшін баптауларыңызды өзгертуге болады. Бұл баптаулар әдетте интернет браузеріңіздің «Параметрлер» немесе «Баптаулар» мәзірінде орналасқан. Төмендегі сілтемелер осы баптауларды түсінуде қолғабыс етуі мүмкін. Олай болмаса, егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін интернет браузеріңіздегі «Анықтама» опциясын пайдалана аласыз.

Internet Explorer браузеріндегі cookie баптаулары
Firefox браузеріндегі cookie баптаулары
Chrome браузеріндегі cookie баптаулары
Safari браузеріндегі cookie баптаулары

Cookie файлдарын пайдалануға келісіміңізді берген соң, сайтқа сіз келесі жолы кіру үшін келісіміңізді жадта сақтау мақсатында cookie файлын компьютеріңізде не құрылғыңызда сақтаймыз. Келісіміңіздің мерзімі белгілі бір уақыттан кейін (барлық жағдайларда 13 айдан кейін) аяқталады. Кез келген уақытта келісіміңізден бас тартыңыз келсе, интернет браузеріңіздің баптауларын пайдаланып, cookie файлдарын жоюыңыз керек.

Сookie файлдарын жою немесе блоктау туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: http://www.aboutcookies.org/Default.aspx?page=2

 

Басқа сайттарға сілтемелер

Пайдалануға ыңғайлы болуы және ақпаратпен қамтамасыз етуі үшін сайтымызда басқа веб-сайттарға сілтемелер берілуі мүмкін. Бұл сайттарға кіру жауапкершілігін өз мойныңызға аласыз және «Эйр Астана» бұл веб-сайттар үшін жауап бермейді. Жеке деректеріңізді өзіміздің веб-сайт пен мобильді қолданба(лары)мызда қорғаймыз, ал сілтемесін беріп отырған басқа сайттардың ұстанатын саясатына немесе сіз олармен бөлісетін кез келген жеке деректерді пайдалануына бақылау жүргізе алмаймыз, не жауап бере алмаймыз. Осы Құпиялық саясаты басқа веб-сайттарға қолданылмайтынын есепке алыңыз және сол веб-сайттардың саясатымен танысып шығуыңызға кеңес береміз.

 

Кәмелет жасқа толмағандар

Ұсынатын өнімдеріміздің сипатына және жергілікті авиация немесе қауіпсіздік ережелерін қоса, заңнамада жазылған жағдайларға байланысты немесе қажеттіліктерді қанағаттандыру және тасымалдау саласында қызметтерді ұсыну мақсатында балалар туралы ақпаратты, оның ішінде жеке ақпаратты жинай аламыз. Баланың ұшуы және оған ұшумен байланысты қызметтер көрсету қажет болғанда жеке ақпаратты сақтаймыз. Заңнамада талап етілген жағдайларды және қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес 18 жасқа дейінгі не басқа жастағы балалардан жеке ақпаратты тікелей әдейілеп жинамаймыз.

«Эйр Астана» компанияның веб-сайтына не мобильді қолданбаларына кіретін тұлғалардың жасын анықтай алмайды. Сізге айтпастан не келісіміңізді алмай, «Эйр Астана» компаниясына жеке деректерді берген кәмелетке толмаған баланың ата-анасы не қамқоршысы (қолданыстағы заңнамаға сәйкес) болсаңыз, тиісті жеке деректерді жою мақсатында «Эйр Астана» АҚ-мен customer.relations@airastana.com мекенжайы бойынша хабарласқаныңыз жөн.

 

Google Аналитика, Facebook Пиксель және Яндекс Метрика

Біздің сайт сәйкесінше Google, Inc., Facebook және Yandex LLC ұсынатын Google Аналитика, Facebook Пиксель және Яндекс Метрика веб-талдау қызметтерін пайдаланады. Бұл қызметтер сіздің www.airastana.com сайтын пайдалануыңызды қадағалау мен талдау үшін және тиісті есепті құру мақсатында cookie файлдарын пайдаланады (жоғарыда жазылған cookie туралы саясатымызды қараңыз). Біздің Google Аналитика жинайтын IP-мекенжайлар анонимді болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін GoogleFacebook және Yandex құпиялық саясаттарымен танысыңыз..

Google Аналитиканы пайдаланудан бас тарту үшін мына сілтемені пайдаланыңыз: https://tools.google.com/dlpage/gaoptout 

Яндекс Метриканы пайдаланудан бас тарту үшін мына сілтемені пайдаланыңыз: https://yandex.com/support/metrica/general/opt-out.xml 

Пайдаланудан бас тарту cookie файлына негізделетіндіктен, жаңа құрылғыны пайдаланғанда немесе браузердегі cookie файлын жойғанда, пайдаланудан қайта бас тартуыңыз керек болуы мүмкін.

Facebook Пиксель туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтына кіріңіз.

 

Электрондық таратылым қызметтері

«Эйр Астана» компаниясынан электрондық ақпарат таратылымы сияқты хабар түріне жазылғанда, «Эйр Астана» компаниясына электрондық поштаңызға ақпараттық таратылымдар және сауалнамалар мен арнайы ұсыныстар туралы жаңалықтар сияқты басқа хабарларды жіберуіне рұқсатыңызды бересіз. Электрондық ақпарат таратылымдарына Nomad Club қатысушысының кабинеті арқылы немесе airastana.com сайтындағы «Арнайы ұсыныстар» парағында жазыла аласыз..

Рұқсатыңызды қайтарып алып, «Эйр Астана» компаниясынан электрондық пошта арқылы ақпарат алғыңыз келмесе, бұны кез келген уақытта хаттың төменгі жағындағы «жазылымнан бас тарту» сілтемесін басып орындай аласыз.

 

Байланыс ақпараты

«Эйр Астана» компаниясының жеке деректеріңізді қорғауы бойынша сұрақтарыңыз не шағымыңыз болса, customer.relations@airastana.com мекенжайына жазыңыз, біз сұрауды алған сәттен бастап бір айдың ішінде сізбен хабарласамыз.

Жеке ақпаратыңызды қарау, түзету немесе «Эйр Астана» компаниясының оны пайдалануы туралы шағым жіберу үшін жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін тіркеп, мына мекенжайға жазбаша сұрау жібере аласыз:

«Эйр Астана» АҚ
Клиенттермен жұмыс істеу бөлімі
Закарпатская к-сі, 4А
Алматы қ., 050039
Қазақстан
+7 727 258 41 36