Жиі қойылатын сұрақтар

Тауар үшін төлемді қалай жасаймын?

 

Жауабы:

Таңдаған тауарыңызды сайтта көрсетілген банк картасы арқылы төлеуіңізге болады.
 

Соманың жартысын картамен, ал қалған екінші жартысын қолма- қол ақшамен төлеуге бола ма?

 

Жауабы:

Төлем тек бір рет сайтта жүзеге асырылады.
 

Егер төлемім өтпей қалса, не істеуім керек?

 

Жауабы:

Интернеттегі сатып алу мүмкіндігіңіз бар-жоғын тексеруіңіз керек.
 

Интернеттегі сатып алу мүмкіндігіңіз бар-жоғын тексеруіңіз керек?

 

Жауабы:

Сіз курьерлік жеткізу қызметіне тапсырыс бере аласыз немесе тапсырысты авиакомпанияның сатылым кеңсесінен 5 жұмыс күні ішінде өздігіңізден ала аласыз.

Нұр-Султан қаласы (сол жақ жағалау), Қонаев көшесі, 14Б

«Нұрсая-1» тұрғын үй кешені , 1-қабат, 26-кеңсе

Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 19

«Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 2B павильоны
 

Салмақ шектеулігі бар ма, қанша өнімге тапсырыс бере аламын?

 

Жауабы:

Сіз тауарларға шектеусіз мөлшерде тапсырыс бере аласыз, көлемі бойынша шектеулер жоқ.
 

Мен демалыс күндері тауарды жеткізуге тапсырыс бере аламын ба?

 

Жауабы:

Жеткізу демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) қоспағанда, күн сайын 10: 00-ден 17: 00-ге дейін жүргізіледі.
 

Жеткізу қанша тұрады?

 

Жауабы:

Жеткізу құны мекенжай енгізілгеннен кейін автоматты түрде есептеледі.
 

Егер тапсырыстан бас тартсам келсе?

 

Жауабы:

Сіздің тапсырыс берген тауарыңызды сатып алу күнін есептемегенде , кез келген уақытта және оны алған күннен бастап 14 күн ішінде сатып алудан бас тартуға құқыңыз бар. Тауарды қайтару үшін MyShop@airastana.com электрондық поштасына хабарласыңыз.
 

Тауардың жеткізілуін менің орныма басқа адам қабылдай ала ма?

 

Жауабы:

Тауарды тек сайт бойынша деректерді толтыру барысында көрсетілген тұлғаға жеткізуге болады. Егер сатып алушы көрсетілген мекенжайда болмаса, курьер жеткізуді келесі жұмыс күніне ауыстыруға құқылы.
 

Жеткізу мекенжайын қалай өзгертуге болады?

 

Жауабы:

Жеткізу мекенжайын өзгерту үшін, MyShop@airastana.com электронды дүкен менеджеріне хабарласыңыз.
 

Егер тауар ақаулықпен келсе ?

 

Жауабы:

Көзге көрінетін механикалық зақымданулар кезінде , сізге курьердің қатысуымен сәлемдемені ашып, тауардың бүлінгені туралы акт жасау керек. Кез келген басқа жағдайларда, тапсырысты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, MyShop@airastana.com электрондық мекенжайға хабарласыңыз.
 

Мен сатып алғаным үшін фискальды чекті ала аламын ба?

 

Жауабы:

Есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып (оның ішінде төлем карточкаларын пайдаланумен) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғаларға өткізген жағдайда шот-фактура жазып беру талап етілмейді. Бірақ сұраныс бойынша біз шот фактура мен жүкқұжат бере аламыз.
 

Шетелдік банктік карточкам болса, қандай бағамда төлем жүргізіледі?

 

Жауабы:

Шетелдік банк картасымен төлеген кезде, айырбастау сатып алу күніндегі айырбас бағамы бойынша жүргізіледі.